2015 жылғы 5 қаңтарды А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына арналған қызметкерлер арасында қысқы спартакиадан жарыс басталды.
Жарыс спорттың 8 түрінен (шаңғы, футбол, волейбол, стритбол, шахмат, үстел теннисі және тоғызқұмалақтан) ұйымдастырылды. Жарысқа университеттің барлық қызметкерлері қатысуда. Қысқы спартакиада қаңтардың 16-на дейін жалғасады.
Футболдан жарысқа түскен командалар университтеттің әкімшілік командасы, аграрлық-биологиялық факультеті (АБФ), тарих және құқық факультеті, ақпараттық-технологиялар факультеті, ветеринария және малшаруашылығы технологиясы факультеті (ВетМШТФ), инженерлік техникалық факультеті (ИТФ) және күзет қызметі командалары өзара жарысқа түсіп, әкімшілік командасы 1-ші орын, ВетМШТФ 2-ші орын, ИТФ командасы 3-ші орын алды.
Ал қалған спорт түрінің қорытындысын жарыс соңында біле аласыздар.