Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚР-ның Білім және ғылым министрі ҚМУ-де

ҚР-ның Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова жұмыс бабымен Қостанай облысына келді.

Күләш Ноғатайқызы сапар барысында Қостанай мемлекеттік университетінде болды. Жастар жылы және Қазақстанды цифрландыру бағдарламасы аясында ҚМУ-де аймақтық SMART-орталығы өз жұмысын бастады. Орталықта студенттік стартаптар мен ғылыми идеяларды іске асыруды жетілдіру мақсатында құрылған ынтымақтастық орталығы (Co-working), IT-skills (робототехника, 3D-модельдеу), Cyber-club және Agro-skills кеңселері ашылған. Бұл бастамалар облыстың дарынды жастарының жан-жақты дамуы үшін ауадай қажет.

Білім және ғылым министрі ҚМУ-да

 

смарт центр

Осы SMART-орталықтың ғимаратында облыстың жоғары оқу орындарының ректорларының, құрметті профессорларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттары, докторанттары, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер шақырылды.

Университет ректоры Алма Дощанова сөз сөйлеп, қонақтарды университет тарихымен таныстырды, оқу ордамыздың даму келешегі туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар Қостанай мемлекеттік университетінің «Жас маман» бағдарламасын жүзеге асырушы негізгі жоғарғы оқу орны ретінде белгіленгендігін атап өтті. 

Білім министрі университеттерге академиялық еркіндік берілгенін, енді оқыту сапасына оқу ордасы жауапты екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес жасау керектігін алға тартты. Студенттер әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық түсініктеме алды және қызығушылық туғызған сауалдарына жауап ала алды. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыруды түсіндіру мақсатында Қостанай облысына келген жұмыс тобының құрамында. Бұл топта Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бар.

 

PDF