Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Дебат жарысы

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» партиясының жүлдесіне дәстүрлі дебат жарысы өтті. Өткен жарыс 11-ші болып саналады және оның басты ерекшелігі, қазақ лигасында бірінші орын алған қатысушыларға келесі жарысты өткізуге құқық беріледі. Былтырғы жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері, яғни «Ахмет Ұрпақтары» дебат клубының мүшелері осы жарысты өткізуге біріншілікті жеңіп алды. Бұл дебат клубы жарысты ұйымдастыруға қатысып, төрешілікпен қамтамасыз етті.

 

4 іріктеу раунды келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • Бұл палата әлеуметтік желілер пайдадан гөрі зиян келтіреді деп санайды;
  • Бұл палата «Нұр Отан» партия доктринасының құндылығы оппоненттердің құндылығынан маңыздырақ  деп санайды ;
  • Бұл палата «А» корпусының пайда болуы ҚР мемлекеттік қызметінің нәтижелілігін арттырады деп санайды;
  • Бұл палата қазақ тілінің латын әріпіне көшуі орынды деп санайды. 

 

Екінші күні қазақ лигасында американдық парламент форматы бойынша,  орыс лигасында Линкольн-Дуглас форматы (дебатерлердің көзбе-көз жарысы) бойынша плей-офф раундынан басталды. Американдық  парламент форматы бойынша қазақ лигасынан сегіз топ ¼ финалға өтті. Кейін ЛД форматында жартылай финал мен финал өтті. Қазақ лигасынан Қызылордадан Уалихан Турарбекулы, орыс лигасынан Алматы қаласынан Макажанова Жансулу жеңіп шықты.

«Нұр Отан» партиясының жүлдесіне дебат жарысының финалында орыс лигасынан Алматы облысының «21» тобы, құрамында Николай Шкода және Айдос Байкасинов жеңді. Екінші орынды Алматы қаласының тобы алды. Үшінші орынды Астана қаласының тобы алды.

 Қазақ лигасында I орынды Асет Жумагазы мен Жеткер Иклас алды.  Екінші орынды Алматы қаласынан Куралбек Алдонгаров пен Динара Тлеубек алды. Үшінші орынды Петропавловск қаласынан Динара Максютова мен Анара Буктыбаева алды. 

 

 

Қазақ лигасындағы үздік төрешілер болып Жастлек Тлеулес, Алимжан Тойлыбаев және Ратбек Казман атанды. Орыс  лигасында — Дамира Ережепова, Екатерина Чистякова және Рауан Карамурзин.

«Нұр Отан» XI Республикалық дебат жарысының үлкен кубогы Астана қаласының дебатерлеріне берілді.  


PDF