Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ахаңды еске алды

2015 жылғы 28 қаңтар күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің ректоры Асқар Мырзахметұлы бастаған облысымыздың бір топ зиялы қауымы және профессорлық оқытушылар құрамы  Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай, ескерткіш басына гүл шоғын қойды.



Ескерткіш басында белгілі ақын Ақылбек Қожаұлы сөз сөйлеп, тарихтан сыр шертті.



Одан кейін конференц-залында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Ахаң жайлы мектептен келген оқушыларға және студенттерге естеліктер айтылды.

Осылай өз атындағы оқу орны атамызды еш ұмытпайтынын ол жайлы алдағы уақытта кең ауқымда «Байтұрсынов оқулары» атты конференция өтетінін құлағдар етті.  




PDF