Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ҚМУ-де

22 сәуірден 25 сәуірге дейін Қостанай мемлекеттік университетінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің(АРТА) сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс істейді.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылған.  Аккредиттеу - университеттің жалпы білім беру 
сапасы немесе университеттің жеке білім беру бағдарламаларының сапасы халықаралық стандарттар мен критерийлерге сәйкестігін бағалау.
4 күн ішінде 20 адамнан
тұратын комиссия университеттің қызметін толықтай зерттейді, оқу ғимараттарына барады, оқытушылармен, университет студенттерімен және жұмыс берушілермен
кездеседі.
Биыл гуманитарлық-әлеуметтік, аграрлық-биологиялық, ақпараттық технологиялар және заң факультеттерінің оқу бағдарламалары сыртқы бақылауға түседі.
Комиссияны «
Павлодар ауылшаруашылық эксперимент зауыты» ЖШС директоры, т.ғ.к.Уалханов Байжан Нұрбайұлы басқарады.

НААК 3


PDF