Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қанжығасы майланған жеңімпаз

2015 жылғы 5 ақпанда университетіміздің екі студенті ҚР спорт шебері Евгений Бондаренко (инженерлік-техникалық факультет) және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Никита Ткаченко (экономикалық факультет) Словакиада өткен бүкіләлемдік универсиадаға Қазақстан құрамасы атынан қатысып, еліміздің намысын қорғап, жүлделі оралды.

 

 

Жеңімпаз шаңғышыларды оның жақын туыстары және «Сұңқар» спорт клубының директоры Дәулет Таңабаев, жаттықтырушысы Александр Мочалов, сонымен қатар журналистер гүл шоғын беріп, құрметпен қарсы алды. Александр Мочаловтың тікелей ақыл кеңесімен Евгений Бондаренко шаңғы спортымен айналысуды бастаған.

-         Әрине мен өте қуаныштымын. Евгений ол менің ең алғашқы

шәкіртім, осындай қуантарлық нәтижеге қол жеткізген. Енді одан бұданда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімдеміз,- дейді жаттықтырушысы Александр.


         

 

Евгений Бондаренко бүкіләлемдік қысқы универсиададан кейін 18 ақпан мен 1 наурыз аралығында Фалунда (Швеция) өтетін әлем чемпионатын қатысуға дайындалады. Бізде болашағынан үлкен үміт күттіретін Евгенииге зор денсаулық, алтыннан алқа тағуына тілектеспіз.

 

PDF