Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Сенатор студенттермен кездесті

2014 жылғы 5 желтоқсан күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов Университет оқытушылары және студенттермен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулысы Елбасымыздың биылғы Халыққа жолдаған «Нұрлы жол» атты жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіріп, алда үлкен атқарылар жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті. Одан соң студенттер Серік Шыңғысұлына көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Қойылған сұрақтардың барлығын депутат өзіне жазып алып, Үкімет басшыларына жеткізетінін айтты.

Кездесуден кейін Серік Шыңғысұлы Қостанай қаласының тұрғындарына  қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Халық қалаулысымен кездескен тұрғындар мәселелерінің оң шешім тапқандарына қуанып, Серік Шыңғысұлының жұмысына сәттілік тіледі.


                                                             

 


PDF