Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қамқоршылары мен түлектерінің Қауымдастығының екінші Форумы

2014 ж.  23 қазанда А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қамқоршылары мен түлектерінің Қауымдастығының екінші Форумы өтті. Білім беруді жетілдіру сұрақтарын  талдауға әр жылғы түлектер, мемлекеттік мекемелердің, ірі өндіріс орындары мен бизнес-құрылымдардың басшылары,   қамқоршылар кеңестерінің мүшелері  ат салысты.  


 

Форумның жұмысына Қостанай облысының әкімі  Н.М. Садуақасов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Нюсупов С. Н., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Қаджыбекова А. Е., Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары  Аман Е. И., Қостанай қаласының әкімі, ҚМУ қамқоршылары мен түлектері Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Ахметжанов А.М., Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының  вице-президенті Абишев А. А., ҚМУ Қамқоршылар мен түлектер Қауымдастығы Кеңесінің,  университет профессорлары кеңесінің мүшелері, факультеттер қамқоршы кеңестерінің төрағалары, мемлекеттік мекемелер мен бизнес-құрылымдардың, ұймдардың басшылары, университет түлектері, басшылар, декандар, ПОҚ және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 3-5 студенттері қатысты.



Білікті мамандарды дайындауда мемлекет, жоғары оқу орны мен бизнестің ролі бірдей маңызды екенін түсіне отырып, Форумға қатысушылар университетпен түрлі әрекеттестік байланыста болуға,  тәжирибелік машықтарды белгілі нысанға келтіруде жоғары технологиялық өндірістік база беруге, оқу бағдарламарын құруға қатысуға, талантты жас ғалымдар мен дарынды студенттерді қаржыландыруға, ғылыми жобаларды өзара жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.   



  Форум шеңберінде Қостанай облысының әкімі  Н.М. Садуақасовтың қатысуымен ҚМУ қамқоршылары мен түлектері Қауымдастығы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырыста ҚМУ ректоры Наметов А.М. «Тәжрибеге-бағытталған оқыту  – қазіргі білімнің басты векторы» атты баяндамасында қазіргі білім берудің мәселелерін көтеріп, оның мүмкін болар шешу жолдарын, сонымен қатар «мемлекет – бизнес - ЖОО» форматында білікті, сұранысты мамандарды  дайындаудың әрекеттестік бағыттарын белгіледі.



    Екінші корпуста, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Е.И. қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі қызу өтті. Жәрмеңке статистикасы - 100-ден артық жұмыс берушілер, 1000-нан артық қатысушылар, жұмыс берушілердің есебінен мақсатты мамандар дайындау туралы 24 шарт.



 Жалпы жиналыста ҚМУ-нің ректоры Наметов А.М «Форумнан форумға дейінгі аралықтағы университет ұжымының жетістіктері және стратегиялық мақсаттар» атты баяндама жасады.   2012 жылдың мамырында  I форум өтсе, 2012 жылдың 7 желтоқсанында  Қостанай облысының әкімі  Н.М. Садуақасовтың қатысуымен ҚМУ қамқоршылары мен түлектерінің Қауымдастығының аймақтық Форумы өткізілді.    Сондықтан ҚМУ–де тағы да  бір  жаңаша дәстүр жалғасын тауып – қалың жұртшылықты, мемлекеттік органдардың басшыларын  және бизнес өкілдерін форум өткізуге тарта білді.



Марапаттау рәсімі болды. Университет Ахмета Байтұрсынов орденімен, университет қызметкерлері Ауыл шарушылығы, Мәдениет,  Білім және ғылым министрліктерінің, Қазақстан жоғары оқу орындары ассоциациасының  төс белгілерімен  және облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. 

Форумға қатысушылар бизнес-одақтарға арналған Үндеу қабылдады.  

 


 


PDF