Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңа клиника іске қосылды

2013 жылдың 13 желтоқсан күні Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ветеринария және мал өнімдерін өндіру технологиясы факультетінде хайуанаттар мен жануарларды емдеуге, олардың денсаулығына сараптама жүргізуге арналған  халықаралық клиника ашылды.

Клиникада ҚМУ-дің студенттері жаңа технологияны қолдана отырып, осы факультеттегі ғылым докторлары, кандидаттар және магистрлермен қосылып, олардың мол тәжірибесімен бөлісіп, оқу- тәжірибелерін арттырады. Клиниканың іргетасы 1995 жылы осы факультеттің ішінде шағын ғана клиника болып ашылған.

Клиниканың тұсаукесерін облыс әкімі Н. Сәдуақасов пен  аталмыш оқу орнының ректоры А. Нәметов ашты.

Клиникада хайуанаттар мен жануарлардың барлық түрлері бар. Болашақта клиниканың жаңа жабдықтарымен ғылыми тың зерттеулер жүргізіледі деп күтіліп отыр.


 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Оспанов Мейрам 


PDF