Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары арасындағы V-ші қысқы универсиадасы

Профессор Пустуев А.Л. бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында 2015 жылдың 8 мен 18 желтоқсаны арасында бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында Орал мемлекеттік агорарлық университетінің профессоры, э.ғ.д., белгілі ғалым, АМОК-тың академигі, РФ еңбек сіңірген экономисті, РФ жоғары кәсіптік білімінің құрметті қайраткері -  Пустуев Александр Леонидови дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді. Пустуев А.Л.  5В050800-Есеп және аудит и 5В050600-Экономика мамандықтарының 4 курс студеттеріне «Есеп және банкроттықты бағалау» және «Кәсіпкерлік» пәндерінің өзекті сұрақтары бойынша дәрістер оқыды. Сонымен қатар 6М050600-Экономика мамандықтарыны магистранттарымен кездесулер өткізіліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі қағидаларына тоқталып, кеңестер беріді. Орал мемлекеттік агорарлық университетімен кафедра арасында алдағы уақытта халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу, оқу құралдарын бірлесіп жазу және студенттер мен ПОҚ ұтқырлығы жөнінде келісмге қол жетті.  
Экономикалық факультетте  өткен «Менің Президентім»  зияткерлік ойыны 30 қараша күні экономикалық факультетте бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»  мемлекеттік мейрамын тойлауға арналған «Менің Президентім» атты зияткерлік ойын өтті. Ойынға кафедраның 3 және 4 курс студенттерінің құрамалары қатысты. Ойын 2 турда өткізілді. Бірінші турда құрамалар кезектесіп келесі сауалдарға жауап берулері керек болды: еліміздің даму тарихымен байланысты сұрақтар, Елбасы Н.А.Назарбаевтың өмірбаяны туралы, еліміздің бас қаласы Астананың қалыптастыру кезеңдерінің белгілі сәттері туралы, еліміздің ғана тарихында із қалдырған емес, бүкіл дүние жүзіне атағын шығарған атышулы қазақстандықтар туралы.
«Сұнқар» спорт залында 7 наурызда қыздар арасында шағын футболдан жеңімпаздар анықталды. Үшінші және төртінші орынға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен К.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универститеті командалары білек сынасты. Оңтүстік астана қыздары ҚМПИ командасын 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші және екінші орынға жарыс тартымды өтті. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті командасы Қыздар педагогикалық университеті тобын 11:1 есебімен ұтып, 5 рет қатарынан жеңімпаз атанды. Ойындар аяқталғаннан кейін командалар медальдар және кубоктармен марапатталды.
Бүгін, шаңғы жарысының соңғы күні. Бұл күні шаңғышылар еркін стильдегі эстафета бойынша жарысты. Бұл спорт додасына 4 спортшыдан тұратын 10 қыздар және 11 жігіттер командасы қатысты. Дистанция ұзақтығы қыздарда 3 шақырым болса, ұлдарда 5 шақырым. Жарыстың соңғы күні болғандықтан спортшылардың бар күштерін салғандары байқалды.   Қыздар арасында мәре сызығын ең бірінші болып кескен ҚМПИ командасы (Варфаламеева А., Зеленская Ю., Бойко А., Черных Н.); екінші орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ командасы алса (Кун А., Прутникова К., Саркисова К., Осипова Т.); үшінші орын ПМПИ-дан келген спортшы қыздарға бұйырды (Жаппасова А., Бестаева И., Фадеева А., Андрух Н.). Жігіттер арасындағы бұл доданың басты жүлдесін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің жігіттері қанжығаларына байласа (Василевский И., Пухкало В., Бондаренко Е., Осипов А.); күміс медальға ҚМПИ командасы қол жеткізді (Ковалев В., Воробьев А., Башмаков Н., Ткаченко Н.); үшінші орынды Шығыс-Қазақстан облысынан келген сопртшылар қанағат тұтты (Сагатбеков Б., Кастусев А., Назаханов Д., Павлов М.).   Командалық есеп бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бірінші орын, ҚМПИ екінші орынды иеленсе, үшінші орынды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дан келген спортшы жігіттер мен ПМПИ-дың қыздар командасы иеленді. Қатысушылар бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.  
6 наурыз да «Сұнқар»  спортзалында қыздар арасындағы шағын футболдан жартылай финал өтті.   Жарыс ҚМУ (Қостанай) және ҚазҰУ (Алматы) спортшыларының арасында өтті. Олар 7-8 орындарға таласты. Жарыс өте тартысты өтті, қорытындысында алматылықтар жеңісті өз қолдарына түсіріп, 3:1 есеппен жеңіс тұғырына көтерілді. 5 және 6 орындарға ҚазҰМУ (Алматы) мен ҚазАТУ (Астана) спортшылары таласқа түсті. Оңтүстік арулары өздерінің барлық шеберліктерін ортаға салғанымен, астаналық арулар күштірек түсіп, 3:1 есеппен астаналықтар жеңіске жетіп, 5 орынды иеленді. Олардан кейін алаңға ҚазҰТУ (Алматы) және ҚарМУ (Қарағанды) командалары шықты. Алматылықтар бәр күштерін салып тырысқанымен жеңісті уысынан шығарып қарағандылықтарға сыйға тартты. Нәтижесінде, қарағандылықтар 11:0 есебімен жеңіске жетті.    Жарыс күнінің соңында ҚМПИ (Қостанай) және Қыздар педагогикалық институты (Алматы) командалары кездесті. Жанкүйерлер өз оқу ордаларының атауын ұрандатып қолдау көрсетіп, спортшылар жарыстың соңына дейін бір-біріне жеңістік бермегенімен, соңында оңтүстіктік астанадан келген аруларымыз жеңімпаз атанды. Қыздар педагогикалық институтының спортшылары 3:2 есебімен жеңіске жетті.   Ертең «Сұңқар» спорт залында аталмыш жарыстан финал өтеді.
Бүгін «Сұңқар» спорт кешенінде шағын футболдан ақтық ойын өтті. 7-8 орындарға СММУ (Семей) және ОҚМУ (Шымкент) таласып 5: 0 есебімен семейліктер жеңіске жетті.   ҚММУ және ҚақҰУ спортшыларының кездесуінде, 3:0 есебімен қарағандылықтар жеңіске жетті. 3 орынға ПМУ (Павлодар) және алматылық ҚазҰТУ таласып, 4:2 есебімен павлодарлықтар жеңіске жетті. Ақтық сында ақтөбеліктер (ААМУ) мен қостанайлықтар (ҚМУ) өнер көрсетіп, 3:1 есебімен ақтөбеліктер жеңіске жетіп, V қысқы универсиаданың шағын футболдан жеңімпазы атанды.   Сонымен, командалардың нәтижесі: 1- ААМУ (Ақтөбе) 2-ҚМУ (Қостанай) 3- ҚазҰТУ (Алматы) 4- ПМУ (Павлодар) 5- ҚММУ (Карағанды) 6- ҚазҰУ (Алматы) 7- СММУ (Семей) 8- ОҚМУ (Шымкент) 9-ҚМПИ (Қостанай) 10- ТМПИ (Тараз) 11-ҚазҰМУ (Алматы) 12- ҚӘТУ (Қостанай) 13- ҚМУ (Қызылорда)  14 - РИИ (Рудный) 15 - ҚазЭУ (Алматы) 16 - ҚазТКА (Алматы)  
1 2 3