Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ал Қостанайда - өзінің қысқы «олимпиадасы»!

3-ші наурыз күні Қостанай қаласының Спорт сарайында Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасындағы V қысқы универсиадасының ашылуы өтті.

Бұл универсиада  бұқаралық спортты насихаттауға, жастар арасындағы салауатты өмір салтын дамытуға зор септігін тигізбек. Еліміздің спортпен шұғылданатын студенттері Қазақстанның 15 өңірінен, 31 команда келді.

Алғашқы құттықтау сөз Қостанай облысы әкімінің орынбасары Серік Бектұрғановқа беріліп, универсиаданы ашық деп жариялады.  Сонымен қатар салтанатты шараның шымылдығын «Арнау» әнімен Манапбек Қадыров ашты. Қадірлі қонақтар қатарында болған ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің дене тәрбиесі бойынша Ұлттық ғылым орталығының, бас директорының спорт жөніндегі орынбасары Бауыржан Рамазанов спортшыларға сәттілік тіледі. Сөз соңында универсиаданың өткізілудегі белсенді қызметі үшін Серік Бектұрғанов, спорт ардагері олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Горанинге естелік медаль табысталды. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары қолынан Татьяна Осиповаға арнайы сыйлық берілді.

Сонымен бірге көрермен қауымға экран арқылы бейне роликтер мен облысымыздың даңқын шығарып жүрген спортшыларымыздың жетістіктері аталып өтілді.

Универсиада тележобасы «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының көмегімен, республикалық «Каz-Sport» телеарнасынан толық нұсқасы көрсетілді. 

 



PDF