Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қарағандықтар «өте жақсы» деп бағалады!

 Аталмыш іс-шараға  келген қонақтарды жоғары деңгейде қарсы алғаны үшін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне,  полиатлоннан ұлттық төреші  Ольга Валерьевна Безгачева (Юрченко) өзінің зор алғысын білдірді: «Мен Қарағанды қаласының өкілімін. Біз Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен қатысушыларды алып келдік. Біздің топта атақты спортшылар аз емес: халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері, ҚР құрамасының мүшелері, мен өзім осы спорт түрінің ардагерімін. Біз халықаралық жарыстарға жиі барып тұрамыз, сондықтан бұл универсиада салыстыруға тұрарлық. Ең алдымен, қостанайлықтардың аталмыш іс-шараны ұйымдастыруын ерекше атап өткім келеді. Күн сайын бізге волонтерлар келіп, көмектерін көрсетіп отырады. Мен барлықтарына алғысымды білдіргім келеді. Барлық жарыстар ешбір мәселесіз өтіп жатыр. Сіздерге үлкен алғыс білдіре отырып, біз универсиаданың ұйымдастыруын  «өте жақсы» деп бағалаймыз».


PDF