Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Армрестлинг жарысының екінші күні

ҚМПИ залында қыздар арасындағы армрестлинг турнирінің соңғы күні аяқталды. 65 дейін 70 және 80+ келі салмақтық категориядағы қыздар жеңіске таласты. Жарыстың екінші күні көрермендерге мол эмоция сыйлады. Турнирдің соңында жеңімпаздар анықталды.

65 келі категориясында, Жұлдыз Кунтуганова мен Эльмира Усенова ТарМУ (Тараз) бірінші және екінші орындарды иеленді. 3 орын иегері- Мирамгүл Акашева БҚАТУ (Орал).

70 келі категориясында бірнші орын тағы тараздықтарда. 1 орынды Эльвира Шадыркул ТарМУ (Тараз) иеленсе, екінші және үшінші орындарды, Индира Зейнолова, СҚМУ (Петропавл) және Әсел Тұрысбекова СемМУ (Семей) бөлісті.

80 келі категориясында, ҚазҰУ (Алматы) - Перизат Бабакул және Назерке Смагул 1 және 2 орынды бөліссе, үшінші орынды ҚазҰМУ (Алматы) Чолпан Чмаева иеленді.

80+ категориясы: 1 орынды - Гүлнұр Байболова ҚазҰМУ (Алматы) иеленсе, 2 және 3 орындарды ҚМУ (Қостанай) - Анастасия Аношкина мен Әсем Нұрбиева студенттері бөлісті.

Қоржынындағы ұпай санымен бірінші орынды ҚазҰМУ (160 ұ.), екінші  орынды  БҚАТУ (158 ұ.), үшінші орынды СҚМУ командалары бөлісті (153 ұ.).

6 ақпан күні ҚМПИ акт залында жігіттер арасында армрестлингтен жарыс өтіп, жеңімпаздар марапатталады.

 



PDF