Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Бүгін қысқы көпсайыстан тағы медальдардың екі жинақтамасы таласқа түсті

Шаңғы сайысы қысқы көпсайыстың ең әсерлі түрі болып табылады. Бүгінгі жарыс та өзінің әсерлілігімен есте қалды. Қыздарға ұйымдастырушылармен қашықтығы  -  5 шақырым, жігіттерге  - 10 шақырым жол дайындалған еді. Бірақ, бұл қашықтыққа барлық қатысушылардың тісі бата бермеді. Сүрінгендер болды.

Үш күндік топтық жарыстың нәтижесі төмендегідей: қыздар арасында 1 орынды Қостанай мемлекеттік институтының студенттері иеленсе, 2 және 3 орындарды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қанжығасына байлады. Жігіттер арасында 1 орынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті иеленсе, 2 және 3 орындарда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Қостанай мемлекеттік институтының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді. Бүгін қысқы көпсайыс жеңімпаздары медаль және мақтау қағаздарымен марапатталып, сайыс қорытындыланды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 


PDF