Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Футзалдан қыздар турнирі қыза түсті

Қазақстан Республикасының  ЖОО арасындағы V қысқы универсияда жалғасын табуда. 4 наурызда футзалдан ҚарМУ (Қараганды) және Қыздар педагогикалық университетінің (Алматы)  командалары жарысқа түсті. 10:1 есебімен қарағандылықтар жеңіс тұғырына нық тұрды.

ҚазАТУ (Астана) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы) өкілдерінің арасында тартысты жарыс өтті. Жанкүйерлер астаналық қыздарға белсенді қолдау көрсетті. Арқаланған астаналықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. ҚМПИ (Қостанай), қостанайлық футболшы қыздар мен алматылық (Қаз ҰМУ) қыздар арасындағы жарыс та өте тартымды өтті. Қыздар барлық мүмкіндіктерін пайдалануға тырысты. Қостанайлық қыздар 6:1 есебімен жеңіске жетті.

3:0! Бұл- ҚазҰТУ (Алматы) және ҚМУ (Костанай) командаларының нәтижесі. Ойын өте қызықты өтті. Ойын алаңында оңтүстік қыздары басымырақ өнер көрсетті.

Қыздар арасындағы мини футболдың үш күндік  нәтижесі осындай.
 



PDF