Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Көпсайысшылар арасындағы спорт жұлдыздары!

V қысқы универсиада шеңберінде Қостанай қаласының №5 орта мектебінде көпсайыс спорт түрінен екінші жарыс күні өтті. Жарыс бағдарламасында күш гимнастикасы қарастырылған. Бүгінгі жарысқа,  танымал спортшылар қатысты, атап айтар болсақ, Алданыш Калибеков (Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Финляндия және Ресейде өткен халықаралық жарыстардың қатысушысы), Андрей Соболевский (Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Эстонияның Ляхте қаласында өткен әлем чемпионатының жүлдегері), Людмила Челышева (ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері),  Сергей Косоня (ҚМПИ студенті, қысқы ойын түрінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Эстонияның Ляхте қаласында өткен 2013 жылғы әлем кубогінің жүлдегері),  Юлия Зеленская (ҚМПИ студенті, спорт шебері, Ресейдегі Калуга қаласында өткен әлем кубогінің 3 кезеңінің жүлдегері). 



PDF