Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шаңғы эстафетасынан қостанайлықтар алда!

Бүгін, шаңғы жарысының соңғы күні. Бұл күні шаңғышылар еркін стильдегі эстафета бойынша жарысты. Бұл спорт додасына 4 спортшыдан тұратын 10 қыздар және 11 жігіттер командасы қатысты. Дистанция ұзақтығы қыздарда 3 шақырым болса, ұлдарда 5 шақырым. Жарыстың соңғы күні болғандықтан спортшылардың бар күштерін салғандары байқалды.

 


Қыздар арасында мәре сызығын ең бірінші болып кескен ҚМПИ командасы (Варфаламеева А., Зеленская Ю., Бойко А., Черных Н.); екінші орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ командасы алса (Кун А., Прутникова К., Саркисова К., Осипова Т.); үшінші орын ПМПИ-дан келген спортшы қыздарға бұйырды (Жаппасова А., Бестаева И., Фадеева А., Андрух Н.). Жігіттер арасындағы бұл доданың басты жүлдесін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің жігіттері қанжығаларына байласа (Василевский И., Пухкало В., Бондаренко Е., Осипов А.); күміс медальға ҚМПИ командасы қол жеткізді (Ковалев В., Воробьев А., Башмаков Н., Ткаченко Н.); үшінші орынды Шығыс-Қазақстан облысынан келген сопртшылар қанағат тұтты (Сагатбеков Б., Кастусев А., Назаханов Д., Павлов М.).

 


Командалық есеп бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бірінші орын, ҚМПИ екінші орынды иеленсе, үшінші орынды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дан келген спортшы жігіттер мен ПМПИ-дың қыздар командасы иеленді. Қатысушылар бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 


PDF