Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шаңғы классикасында қостанайлықтардың жолы болды!

6 наурызда шаңғы жарысынан тағы да бір жарыс өтті. Бүгінгі жарыстың ерекшелігі классикалық түрде өнер көрсету. Жарысқа 7 командаға бөлінген 78 спортшы қатысты.



Бұл жарыста қыздар - 3 шақырым, жігіттер - 5 шақырымда өнер көрсетті. Қостанайлық Татьяна Осипова (ҚМУ) жарысты бірінші бастап, мәреге де бірінші болып жетті, көшбасшыдан 30 секундқа кешігіп, мәреге екінші болып  Ирина Быкова (Павлодар) келді. Үшінші орынды Анна Стоян (Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ) иеленді. Аннаның уақыты - 10 мин 35 сек.


Түс ауа жарысқа жігіттер шықты. Аталмыш жарыста бұл жолы да бірінші болып мәре сызығын Никита Ткаченко (ҚМПИ) кесті. 5 шақырым қашықтықты жүріп өту үшін оған небәрі 13 мин 45 сек. уақыт қажет болды. Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Александр Осипов екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Евгений Бондаренко иеленді (ҚМУ).

Ертең жарыстың соңғы күні.

 



PDF