Қостанай қаласының шаңғы базасында еркін стильдегі командалық спринттен жарыс өтті. Жарысқа 20 команда қатысты, олардың 9 әйелдер және 11 ерлер тобы. Спортшылардың жалпы саны - 40 адам.
Командалық есепте 1 орынды (әйелдер арасында) А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ өкілдері Кристина Саркисова және Татьяна Осипова иеленсе, 2 жүлдені Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан Анастасия Бойко мен Наталья Черных, 3 жүлдені М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Әйгерім Акишева мен Марина Вострикова қанжығасына байлады.
Ерлер арасында:
1 орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері Александр Осипов және Евгений Бондаренко иеленсе;
2 жүлдені Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан Наиль Башмаков, Никита Ткаченко;
3 жүлдені М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Вячеслав Бондаренко мен Ринат Мухин қанжығасына байлады.
Төртінші наурыз шаңғышылар үшін бос болғанымен, бесінші наурызда - еркін стильдегі жеке жарыс басталады.