Құрметті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары!
Бұл бетте біздің университетте 2021-2022 оқу жылында қандай форматта оқу жүзеге асырылатыны туралы қажетті ақпаратты таба аласыз.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы бұйрығына байланысты, сіздерге 2021-2022 жылдарға арналған оқу үдерісін ұйымдастырудағы кейбір өзгерістер туралы хабарлаймыз:
- Бакалавриат, магистратура және докторантураның 1-5 курс студенттері дәстүрлі форматта оқитын болады!
- Дәріс сабақтар Zoom, BBB, Etutorium платформаларында онлайн-форматта өткізілетін болады.
- Практикалық және зертханалық сабақтар университет қабырғасында дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.
- Университет қабырғасында өткізілетін сабақтарға «ASHYQ» жүйесінде жасыл және көк мәртебесі бар студенттер жіберіледі!
- Қызметкерлер мен оқытушыларға қойылатын талаптар: педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
- Ковидтің алғашқы белгілері байқалған жағдайда студенттерге уақытша онлайн-оқуға көшуге мүмкіндік беріледі.
Карантин жағдайында аралас оқыту кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың маңызды қағидаттарының бірі әлеуметтік қашықтықты және маскалық режимді сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Нормативтік құжаттар
КӨУ нұсқаулықтары