object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 17:21:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ӘДІСТЕМЕЛІК ИННОВАЦИЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

«Агрономия» кафедрасы «Әдістемелік инновациялар панорамасы» аясында дәстүрлі «Агроөнеркәсіптік кешендегі заманауи мәселелер және оларды шешу» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді, онда ауыл шаруашылығы өндірісінің өзекті мәселелері бойынша 8 баяндама тыңдалды. Конференцияға 2, 3, 4 курс студенттері қатысты. Әрбір баяндама бойынша сұрақтар көп болды және белсенді талқылау жүрді. Баяндамалардың маңызы мен ерекшеліктеріне байланысты қазылар алқасы баға берді. Нәтижесінде 1-орынды Агрономия ББ-ның 2 курс студенті Кирилл Бузовский жеңіп алды (жетекшісі – Д.С. Құлтаева). Ал екінші орынды Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының 4 курс студенті Аружан Мұхамбетова (жетекшісі – Б.Ж. Көбекова) мен Агрономия мамандығының 2 курс студенті Станислав Заворотный (жетекшісі – С.С. Швец) өзара бөлісті. 3-орынға да екі студен лайық деп танылды, олар: Агрономия мамандығының 3 курс студенті Гүлмира Аманжолова (жетекшісі – Е.М. Екатеринская) және осы мамандықтың 1 курс студенті Илья Васильченко (жетекші – С.С. Швец).

Сонымен қатар, «Жазкен Жымбаев атындағы Өсімдіктерді қорғау және карантині» ҚазҰҒЗИ басқармасының төрағасы Бақытжан Дүйсембеков пен басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Успановтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Ғалымдар агрофитоценоздарға пестицидтік жүктемені азайту мақсатында өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың және өсімдіктер карантинін ғылыми қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

Баяндамашылардың баяндамаларынан кейін сұрақ-жауап форматында пікірталас өтті, оған студенттер мен кафедра оқытушылары белсенді қатысты.

Қабылдау комиссиясы