Skip to content

Мамандық мақсатқа жетелейді

«Мамандық мақсатқа жетелейді» - осындай ұранмен Атырау және Маңғыстау облыстарының білім басқармаларының ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті, оған 30-ға жуық жоғары оқу орындары қатысты. Бұл қатарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті де бар. Бірнеше күннен бері университетіміздің қызметкерлері батыс өңірінің мектеп оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Мектеп бітірушілермен алғашқы кездесу Атырауда өтті, одан кейін жұмыс Құлсары қаласында және Бейнеу ауылында жалғасады, ал жұма күні ҚӨУ-нің қабылдау комиссиясы Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының талапкерлеріне кәсіптік бағдар береді.

Оқу орны өкілдері талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жетістіктері мен артықшылықтары, мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Олардың айтуынша, көптеген мектеп оқушылары университетімізге қызығушылық танытты.

Ашық есік күніне барлығы 35 мектептен 2000-ға жуық оқушы қатысты.

Қабылдау комиссиясы