object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 08:27:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Магистратура мен докторантураға қабылдау ережелері

ҚӨУ мектеп директорлары мен Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мамандарының қатысуымен «2022 жылы магистратураға, докторантураға оқуға қабылдау ережелері туралы» тақырыбында онлайн семинар-кеңес өткізді.

Биылғы жылы құжаттарды қабылдау мерзімдеріне біршама өзгерістер енгізілді. 1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталып, 15 шілдеге дейін жалғасады, ал кешенді тестілеу (КТ) 21 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізілген КТ сертификаты осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды. Ал 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген КТ сертификаты 1 наурызға дейін жарамды.

Докторантураға келетін болсақ, докторантураға түсушілерден өтініш қабылдау 3 шілде мен 3 тамыз аралығында жүзеге асырылады, емтихан 4-20 тамыз аралығында өтеді. 4-20 тамыз аралығында өткен қабылдау емтиханының сертификаты 1 желтоқсанға дейін жарамды. Докторантураға қабылдау 15-тамыз аралығында жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру кезінде талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобын көрсетеді. Бұл ақпаратпен толығырақ сілтеме бойынша өтіп танысыңыздар http://testcenter.kz/

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың 2022 жылғы 3 мамырдағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес докторантураға түсушілер ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуінен өтуге міндетті. Осыған орай, докторантураға құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілінің деңгейін (бес деңгей) растау бойынша (А1-С1) сертификаттық тестілеуден өту қажет.

Үміткерлерді магистратура мен докторантураға дайындау мақсатында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде шетел және қазақ тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылды.Ағылшын тілі бойынша шекті балл: IELTS 5,5-тен кем емес, TOEFL 453 кем емес.

Қабылдау комиссиясы