object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 23:45:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Ұстаз-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы

Психология кафедрасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Павлодар педагогикалық институты мен Ы.Алтынсарин атындағы мұражай қызметкерлерінің қатысуымен «Ұстаз-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы» тақырыбында университетаралық онлайн-дөңгелек үстел өтті. Іс -шара модераторлары - Білім берудің инновациялық технологиялары орталығының жетекшісі Сәуле Айтқужинова мен психология кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Әубәкірова. Олар алдымен қатысушыларды дөңгелек үстел бағдарламасымен таныстырып, Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметінің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ гуманитарлық және әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Алмас Абсадыков Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметінің кейбір аспектілері жайында әңгімелеп берді. Ал Ы.Алтынсарин атындағы мұражайдың маманы Назгүл Шектібаева дөңгелек үстелге қатысушыларға онлайн экскурсия жасады.

Арқалық педагогикалық институтының доценті Ардақ Абдуллина Ы.Алтынсариннің әдеби шығармашылығындағы ғылыми зерттеулер туралы, ал жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Павлодар педагогикалық университетінің PhD докторы Әсел Темербаева «Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі мысалында тұлғаның азаматтық бірегейлігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Қабылдау комиссиясы