object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 17:01:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

SAGRIS ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ «МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ» ТРЕНИНГІ

Халықаралық Эразмус+ жобасының «Ауыл шаруашылық саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді және болашақтың ауыл шаруашылығы жүйелерін (SAGRIS) жетілдіру» тәжірибесін тарату шеңберінде 2023 жылдың 16 наурызында биология, экология және химия кафедрасының оқытушылары Ольга Дрюк пен Татьяна Чехова «Мәселелерді талдау» тренингін өткізді. 4 – модуль, «Тұрақты ауыл шаруашылығына арналған транспәндік зерттеулер» тренингіне биология, экология және химия, тамақ өнімдерін өндіру технологиясы және сертификаттау кафедраларының оқытушылары, «Химия», «Биология», «Экология», «Геоэкология және қоршаған ортаны басқару» ББ-ның докторанттары, бакалаврлары мен магистранттары қатысты.   

Ольга Дрюк тыңдаушыларды трансдисциплинарлық зерттеулердің не екенін, олардың пәнаралық және көпсалалы зерттеулерден айырмашылығы, пәнаралық зерттеулерде қандай әдістер қолданылатындығымен таныстырды.

Татьяна Чехова «Проблемалар ағашын» құрудың қағидалары мен ережелері туралы айтты.

Тренингке қатысушылар экологиялық және басқа да сипаттағы өзекті мәселелерді ұсынды. «Мәселелер ағашын» құрастыру әдісі бойынша құрылған топтар анықталған мәселелердің себеп-салдарлық байланыстарын талдады.

Әр топ өз нәтижелерін ұсынды, содан кейін олар талқыланды.

Қорытындылай келе, қатысушылар аталмыш әдісті қолдану бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Алынған дағдыларды студенттердің ғылыми зерттеулеріндегі мәселелерді талдауға қолдануға болады.

Қабылдау комиссиясы