object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 12:46:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Армандастар» жазғы лагері жұмысын бастады

6 маусымда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған «Армандастар» жазғы лагері жұмысын бастады. Педагогика және психология кафедрасы Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп алғашқы күнді «Танысу күні» ретінде ұйымдастырды. Лагерьдің бірінші күні «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары: Виктория Шмит, Яна Лантух, Абай Дүйсеков, Санжан Перзентбаева, Саян Испулов және тәжірибелі аға оқытушы Үсембаева Әсия Хамитқызының жетекшілігімен ашылды. Бұл күн өте қызықты өтті. Алдымен балалар бір-бірімен жақсы танысуы үшін психологиялық тренинг өткізілді. Балалар өзара араласып, ортақ қызығушылықтары пайда болды, бір-бірін жан-жақты тани түсті. Тренингтен кейін балалар жазғы алаңға шықты. Мұнда нағыз жарыстар: боялған бөренелерден өту, секіргіштен секіру, эстафета және дартс ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойындар топ мүшелерін біріктіруге арналды.

Балалар «көшбасшылық мектебі» шеберлік-сыныбына да қатысты. Олар нағыз көшбасшының қандай қасиеттерге ие болуы керектігін талқылады. Көшбасшы болу үшін ойды дұрыс тұжырымдап, дикцияны жаттықтыру керек деген тұжырымға келді, осы бағытта жаттықты. Ең ұзын «Лигурия» жаңылтпашын оқыды.

Педагогика және психология кафедрасының студенттері мен оқытушылары лагерь қатысушыларына арт-терапия жүргізіп, балаларды өзінің ішкі жан-дүниесін тыңдауға, шығармашылығын шыңдауға шақырды. Балалар қиялдарына ерік беріп, бояулармен жұмыс жасады. Терапия соңында жағымды бонус ретінде тәтті сыйлықтар берілді.

Алда балаларды мұражайлар, квесттер, актерлік шеберлік сабақтары және тағы да басқа қызықтар күтеді.

Қабылдау комиссиясы