object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-19 04:59:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-НІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушылары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «дөңгелек үстел» жұмысына онлайн режимінде қатысты. Дөңгелек үстел «Адам ресурстарын басқарудың заманауи тәжірибесі» тақырыбы бойынша өтті.

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. Дина Кенжебекова мен кафедра профессоры, э.ғ.к. Налима Сартанова «Заманауи жағдайда адами капиталды басқару» атты ортақ баяндама жасады.

Кездесу барысында қазіргі жаһандану үдерістері жағдайында адами капиталды басқарудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Қабылдау комиссиясы