object(DateTime)#1019 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-13 05:02:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Колледж түлектеріне

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 01.04.2019 ж. №134 (08.06.2022ж. өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген «Жоғары білімнің мәндес білім беру бағдарламалары топтары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтарының сәйкестігі жөніндегі әдістемелік ұсынымдары».

Грантқа қабылдау

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсетін, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалар ҰБТ-дан өтіп, ҰБТ-дан өтіп:

  • ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 25 балл;
  • "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша-кемінде 35 балл,
  • оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау керек.

Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

Ақылы оқуға қабылдау

"Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігі бар техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды университетке қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы ҰБТ тапсырусыз ақылы негізде жүзеге асырады.

Маңызды!

Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 10 тамызына дейін жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылдың  7 шілде мен 15 тамыз аралығында өткізіледі.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша түсуші адамдар бір арнаулы емтихан тапсырады.

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары бойынша түсу үшін құжаттарды қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерге арналған арнайы емтихан педагогикалық жағдайды шешу нысанында өткізіледі және "рұқсат беру" немесе "рұқсат бермеу"форматында бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы бөлімге түсушілер ("Педагогикалық ғылымдар"білім беру саласы бойынша түсушілерді қоспағанда),  1 шілде мен 20 тамыз аралығындағы тестілеу түрінде өткізілетін "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланатын қосымша емтихан тапсырады.

Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім немесе жоғары білім базасының қысқартылған білім беру бағдарламаларына қабылданған кезде алдыңғы білім беру деңгейіндегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады.

Бұл ретте қайта оқылатын пәндер бойынша оқыту нәтижелері оқу жоспарлары (пәндер бойынша қорытынды балл) білім туралы құжат қосымшасының орташа балына сәйкес қайта есептелінеді.

Білім туралы құжатқа қосымшаның орташа балы есептеледі және әрбір қайта оқылатын пән бойынша қорытынды баға ретінде орташа балдың мәні қойылады.

Егер колледж түлегі жоғары оқу орнында ұқсас бағыт бойынша оқуды жоспарламаса, және білім беру бағдарламаларының басқа тобын таңдаса, онда ол ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің арнайы емтихандарын өткізу

Қабылдау комиссиясы