object(DateTime)#1019 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-13 06:59:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғылыми кітапхана

ЖОО ғылыми кітапханасы - ақпараттық, білім беру, мәдени орталық

Миссиясы - заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда оқу процесіне көмек көрсету, университеттің ғылыми зерттеулерін қолдау.

Міндеттері:

  • Университеттің тәрбие және гуманитарлық-ағартушылық қызметіне белсенді қатысу, студенттердің бойында әлеуметтік қажетті білім мен дағдыларды, азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Пайдаланушыларды жоғары ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
  • Заманауи технологияларды енгізу негізінде бөлімше жұмысын жетілдіру.
  • Ақпараттық қажеттіліктерді зерттеу және оларды орындау тәсілдерін жетілдіру негізінде пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту.
  • Ғылыми-оқу қорын насихаттау, ашу және сақтау.

Басым бағыт - электрондық ресурстар қорын қалыптастыру

Ғылыми кітапхана оқу және ғылыми үдерісті әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ғылыми кітапхана өз қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізеді; компьютерлік көшіру-көбейту техникасы, автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі бар; Интернеттің жаһандық компьютерлік желісіне қосылған.

Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Ғылыми кітапхана студенттерді Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және насихаттауға шақырады.

Ғылыми кітапхана қала мен облыстың орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының кітапханалары үшін облыстық әдістемелік орталық болып табылады.

Ғылыми кітапхананың коммуникациялық қызметінің бір түрі-еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының оқу кітапханаларымен кәсіби қарым-қатынас жасау.

Байланыстар

Мекен-жайы: Қостанай қ., Абай даңғылы 28 ("Білім орталығы" ҰБ)
Телефон: 8(7142)55-79-29
e-mail: bibl@ksu.edu.kz
Меңгерушісі: Ержанова Жәмила Сермағамбетқызы

Мекенжайы: Қостанай қ., Пушкин к-сі, 136 (педагогикалық корпустың ҰБ)
Телефон: 8(7142) 54-59-138
e-mail: slibrary@ksu.edu.kz
Меңгеруші: Безаубекова Сания Сериковна

Қабылдау комиссиясы