object(DateTime)#1019 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-13 05:16:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Докторантура

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша PhD докторларын даярлауды жүзеге асырады.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының тізімі

Өнер және гуманитарлық ғылымдар:

  • 8D02201 Тарих
  • 8D02301 Қазақ филологиясы
  • 8D02302 Шетел филологиясы (ағылшын тілі)
  • 8D02303 Орыс филологиясы

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат:

  • 8D03201 Журналистика

Бизнес, басқару және құқық:

  • 8D04101 Экономика
  • 8D04102 Менеджмент
  • 8D04201 Құқықтану

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика:

  • 8D05101 Биология

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:

  • 8D06101 Информатика
  • 8D06102 Ақпараттық технологиялар және робототехника

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары:

  • 8D07101 Электр энергетикасы
  • 8D07102 Технологиялық машиналар және жабдықтар

Ауыл шаруашылығы:

  • 8D08101 Агрономия
  • 8D08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • 8D08701 Аграрлық техника және технология

Ветеринария:

  • 8D09101 Ветеринарлық медицина
  • 8D09102 Ветеринарлық санитария

Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсу үшін үміткердің шет тілін (ағылшын, неміс, француз) меңгергенін растайтын келесі сертификаттардың бірі міндетті түрде болуы тиіс:

Ағылшын тілі: 

  • ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,0;
  • TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 35;
  • TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 417;
  • TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл – кемінде 550;
  • Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл – кемінде 80;

TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін қосымша тестілеуді тапсырады.

Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.

Қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

Қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның  ұлттық тестілеу орталығы ақпараттық жүйесінің "жеке кабинеті" арқылы жолданады.

4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

Неміс тілі:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ1/В1 деңгейінен төмен емес),
  • TestDaF-Prufung (Nіveau В1/В1 деңгейінен төмен емес);

Француз тілі:

  • TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес),
  • DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – В1 деңгейінен төмен емес,
  • DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В1 деңгейінен төмен емес,
  • TCF (Test de connaіssance du franзaіs) – В1 деңгейінен төмен емес;

ҚАЗТЕСТ сертификатының (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері) міндетті болуы.

Докторантураға түсу үшін үміткер төрт блоктан тұратын ТЕ (түсу емтихандарын) тапсырады:

  • 1 блок – Эссе;
  • 2 блок – «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест». сыни ойлау (қарапайым математика, ақпараттың әртүрлі формаларын түсіндіру), аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау) секциялардан тұрады;
  • 3 блок – Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша емтихан;
  • 4 блок – Әңгімелесу (университет базасында).

Университет үш блоктың қорытындысы бойынша кемінде 60 балл жинаған тұлғалар үшін әңгімелесуді өткізеді.

Үш блок бойынша 60 балл жинамаған адамдар әңгімелесуге жіберілмейді.

Унивреситет базасында әңгімелесуден өтпеген үміткерлер оқуға қабылданбайды.

Түсу емтихандарына қатысуға өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында https://app.testcenter.kz келесі мерзімде жүзеге асырылады:

  • күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін (жазғы қабылдау);
  • күнтізбелік жылдың 1 қарашасынан 18 қарашасына дейін (қысқы қабылдау).

Түсу емтихандары келесі кезеңде өткізіледі:

  • күнтізбелік жылдың 4 тамызы мен 21 тамызы аралығында (жазғы қабылдау);
  • күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін (қысқы қабылдау).

Докторантураға түсу үшін үміткер төрт блоктан тұратын ТЕ (түсу емтихандарын) тапсырады:

  • 1 блок – Эссе (Эссе тақырыптары)
  • 2 блок – Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша емтихан  (Емтихан сұрақтары);
  • 3 блок – Әңгімелесу (университет базасында).

         Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

 Докторантураға түсу емтиханы мынадай блоктардан тұрады:

  1. оқуға түсушімен университеттің емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
  2. эссе жазудан;
  3. білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

Қорытынды баға эссені бағалау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелеріні қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:

  • әңгімелесуге – 20 минут;
  • эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда түсу емтиханын тапсыруға 60 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100-балдық шкаласы

Тест түрлері Баллы
Емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу 30
Эссе 20
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары 50
Барлығы 100

Докторантураға түсетін адамдар үшін әңгімелесуді университет "Эссе жазу" және "Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар" блоктары бойынша түсу емтихандарын тапсырғанға дейін дербес жүргізеді.

Әңгімелесу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми - зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған.

Әңгімелесу міндетті түрде бейне байланысты пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізіледі.

4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.

Докторантураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

  • күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін (жазғы қабылдау);
  • күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін (қысқы қабылдау).

Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың үш көшірмесі;
  2. Қосымшасы бар білімі туралы құжат (магистратура дипломы) (түпнұсқа және бір көшірмесі);
  3. Шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат кез келген деңгей (КАЗТЕСТ);
  4. Шет тілін (ағылшын, неміс, француз) меңгергенін растайтын сертификат;
  5. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа және бір көшірмесі);
  6. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  7. Шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;;
  8. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе.

Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамайды

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға  қабылдау күнтізбелік жыл ішінде университеттің қабылдау комиссиялары жүргізген әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады).

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118

Электрондық пошта:  talapker@ksu.edu.kz

Instagram: kru_kst_priyem

Байланыс телефондары:

  • 8 (7142) 54-28-49
  • 8 775 155 04 00 Булатова Эльмира Жайбергеновна
Қабылдау комиссиясы