object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-26 23:07:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Дарын» жастар сыйлығының байқауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.

«Дарын» сыйлығы 29 жасқа дейінгі дарынды жастарды қолдау, жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жыл сайын беріледі. Оған халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ жаңашыл ойлардың авторлары, сондай-ақ қоғамның жалпы дамуына үлес қосатын үміткерлер өтініш бере алады.

Сыйлыққа үміткерлерді мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынуы керек.

Жүлдегерлерге «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағы, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық беріледі.

Үміткерлердің құжаттарын (қағаз нұсқасы) 2022 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10, ғимарат» мекенжайы бойынша қабылдайды: Министрліктер үйі» (14-кіреберіс), 8 (7172)74-05-25, 8(7172)74-18-43 (8-701-170-46-54) және электрондық нұсқасын premiya.daryn@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіздер.

Байқаудың ережесімен СІЛТЕМЕ арқылы өтіп, танысыңыздар 

Қабылдау комиссиясы