Skip to content

ЖОО-ның білім беру бағдарламаларында пәнаралық модульдік курстардың көмегімен стартаптарды дамыту бойынша АКТ-мамандықтарындағы студенттерінің құзыреттілігін жандандыру (UXiship)

 

Жобаның атауы: ЖОО-ның білім беру бағдарламаларында пәнаралық модульдік курстар көмегімен стартаптарды дамыту бойынша АКТ-мамандықтары студенттерінің құзыреттілігін жандандыр

Жоба нөмірі: 609870-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP

Жобаны іске асыру мерзімі: 15/11/2019 - 14/11/2022

Вебсайт: https://uxiship.rsue.ru/

Жалпы міндеттері:

  • АКТ-құзыреттілігіне негізделген кәсіпкерлік модулін енгізу арқылы ҚР және РФ серіктес-университеттерінде техникалық оқыту бағдарламаларын жетілдіру;
  • бірлескен білім беруде, бағалауда және кері байланыста серіктес университеттердің күш-жігерін біріктіру арқылы техникалық оқыту бағдарламаларында жұмсақ дағдыларды дамыту үшін ІТ-кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету бағдарламасын іске қосу;
  • Серіктес-университеттердің консорциумы таныған бірлескен курстарды енгізу жолымен Болон процесіне сәйкес ЕО стандарттарына дейін техникалық оқыту бағдарламаларын жаңарту.

Ерекше міндеттері:

  • АКТ-мамандықтар базасында, серіктес-университеттерде, 2021 жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпкерлік модулін енгізу;
  • 2020 жылы АКТ негізінде кәсіпкерлік модульді іске асыруда әрбір серіктес-университет тарапынан сала бойынша 100-200 студент, 1-2 оқытушы және 1 тәлімгердің қатысуын қамтамасыз ету.
  • ЕО стандарттарына дейін білім беру процесін жаңарту;
  • Еңбек нарығын АКТ және кәсіпкерлік құзыреттеріне ие, көп салалы білімді инженерлік мамандықтармен қамтамасыз ету;
  • Тиімді және мақсатты түрде тарату есебінен жоба нәтижелерінің орнықтылығы, кепілдендірілген ұзақ өмір сүруі

Жоба бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ серіктестері:

Жоба грантына өтініш беруші және жетекші серіктесі болып келісімге сәйкес Висмар қолданбалы ғылымдар, технология, бизнес және дизайн университеті белгіленді, Германия.

Ескерту: Жоба Еуропалық Комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл сайттың мазмұны университеттің жауапкершілігінде және Еуропалық Комиссияның көзқарастарын білдірмейді.


Қабылдау комиссиясы