object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-18 01:06:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЖЕҢІСКЕ жетелеген жігер

Baitursynuly University студенті гір көтеру спорты бойынша әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

Гір көтеру спорты бойынша 2025 жылғы басты халықаралық дода 13-18 қараша аралығында Қытайдың Хайнин қаласында өтті.

20-дан астам ел, 200-ге жуық спортшы және олардың қатарында – біздің қазақстандықтар!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің (БББ «Дене шынықтыру және спорт») студенті Антон Стельмах та Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті.

Атлет «Рывок» жаттығуы бойынша 32 келілік гірді 125 рет көтеріп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Антонды және оның бапкері – ҚӨУ оқытушысы Олег Комаровты жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Сіздерді мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы