Skip to content

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге байқауы

Байқау туралы

Конкурсқа  құжаттарды тапсыру уақытында кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі мен педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар ЖЖОКБҰ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы (штаттық оқытушылар) оларды көтермелеу және қолдау мақсатында қатыса алады.

Байқаудың мақсаты ЖЖОКБҰ профессорлық-оқытушылық құрамының (бұдан әрі-ПОҚ) кәсіби - педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, өзін-өзі кәсіби тұрғыда жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына уәждемесін арттыру арқылы ПОҚ ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.

Өткізу кезеңдері

Конкурс екі кезеңде өткізіледі – ЖОО- ішілік және республикалық

Байқаудың I кезеңі 2021 жылдың 1 қарашасынан басталып, 2021 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-министрлік) арқылы мынадай құжаттарды тапсырады: universitycontest.iac.kz :

  1. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"атағын беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысуға үлгі бойынша өтінім;
  2. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"атағын беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
  3. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
  4. Кадрларды есепке алудағы жеке қағаз;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурсқа ұсынылған құжаттар ЖЖОКБҰ-ның қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан Сараптама тобы жүзеге асыратын сараптамадан өтеді. ЖЖОКБҰ комиссиясы сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарады және үміткерлердің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсының 2-ші республикалық кезеңіне қатысуға конкурстық құжаттамасын жібереді.

Байқаудың II кезеңі 2021 жылдың 17 қарашасынан басталып, 2021 жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады.

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығы (2020.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қабылдау комиссиясы