object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-07 00:36:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

АРХЕОметаллургтер қонақта

Осы аптада Baitursynuly University Ұлыбританиядан келген археометаллургтер жұмыс істеуде.

Лондондағы UCL Institute of Archaeology профессоры Миляна Радивоевич 2016 жылы ҚӨУ-ге зерттеу жұмыстарымен келген болатын. Бұл жолы ол шәкірті Илария Калгаромен бірге келді.

ҚӨУ-дің археологиялық зертханасында ғалымдар осы аптада «Dream Eurasia» («Еуразия металлургиясын зерттеу») атты халықаралық жоба аясында зерттеулер жүргізіп жатыр.

Зерттеудің мақсаты – қола дәуіріне жататын бұйымдар мен металлургияға қатысты барлық нәрсені: пештерді, шлактарды, тигельдерді, металл тамшыларын зерттеу.

- Қостанайлық археологтардың олжалары біздің жобамыз үшін өте құнды материалдар – дейді шетелдік ғалымдар. – Әсіресе ҚӨУ археологиялық зертханасының меңгерушісі Андрей Логвин мен оның командасының үлесін атап өткен жөн. Олардың арқасында біз Бестамақ, Қаратомар, Қамысты қорымдарынан табылған материалдарды зерттеп жатырмыз.

Арнайы құрылғының көмегімен археометаллургтер археологиялық табыстардың құрамын анықтайды.

- Мысалы, бұл қазан 2017 жылы археология әлемінде нағыз сенсация болды, – дейді ҚӨУ археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері Ирина Шевнина. – Біз оны Қаратомар су қоймасының жағасынан таптық. Осы уақытқа дейін оның нақты құрамын білмеген едік, өйткені оны зерттеу үшін кесу – оны бұзумен тең еді.

Ал Ұлыбританиялық әріптестеріміз арнайы сканер-пистолеттің көмегімен бұл қазанның таза мыстан жасалғанын анықтады. Бұдан оны қай жерде жасағанын болжауға болады – бұл жергілікті адамдар емес, миграциялық жолмен келген, мүмкін, Кавказ аймағынан келгендер.

Сонымен қатар, Миляна Радивоевич ҚӨУ студенттері мен оқытушыларына ашық дәріс өткізді. Ол өзінің бірегей, тұтас бір құрлықты қамтитын жобасы жайлы айтып берді және ҚӨУ археологтарының бұл жұмысқа қосқан үлесі зор екенін ерекше атап өтті.

Қабылдау комиссиясы