Baitursynuly University студенттері «Eurasian Climate Talks» атты экологиялық форумға қатысты.
Іс-шара Toraighyrov University (Павлодар) базасында жазғы мектеп форматында өтті. ҚӨУ атынан «Экология» бағытының студенттері – Карина Доценко, Валерия Спивак және Аружан Байдильдинова қатысты.
Жазғы мектеп кезінде студенттер экология мен тұрақты даму бағытында еңбек етіп жүрген отандық және шетелдік жетекші мамандардың дәрістерін тыңдады. Онда жаһандық экологиялық түйткілдер, қалдықтарды кәдеге жаратудың заманауи жолдары мен энергияны үнемдейтін технологиялар туралы кеңінен сөз болды.
Toraighyrov University аумағында өткен Экобақтың ашылу салтанатында студенттер Германия Елшілігінің Қазақстандағы миссия басшысының орынбасары Ульрих Киннемен бірге ағаш отырғызды.
Сонымен бірге «Eurasian Climate Talks» алаңында студенттер өздерінің ғылыми әрі экологиялық бастамаларын көпшілікке ұсынды.
Солардың ішінде ҚӨУ студенті Карина Доценконың «Zero Waste университетте: қалдықсыз кампусқа алғашқы қадам» атты жобасы ерекше көзге түсіп, қазылар алқасының жоғары бағаланып, 3-орынға ие болды.
Құттықтаймыз! Енді, бұл бастаманың жүзеге асуын тағатсыздана күтеміз.