Baitursynylu University Әлеуметтік -гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табулденов шетелдік ғылыми тағылымдамасын Польша ғылым академиясының Славистика Институтында өткізді (Варшава қ, Польша).
Тағылымдама 1сәуір мен 30 маусым аралығында өтті. Бұл "Болашақ" халықаралық бағдарламасының "500 ғалым" жыл сайынғы тағылымдамасы аясында мүмкін болды.
Польша ғылым академиясының Славистика институты 1954 жылы құрылған және ол Орталық және Шығыс Европадағы 70 жылдан астам ғылыми дәстүрі бар жетекші ғылыми -зерттеу мекемесі болып табылады.
Институт лингвистика, әдебиеттану, мәдениет, тарих, этнология мен әлеуметтану саласында зерттеулер жүргізеді.
Тағылымдама өткен уақытта бекітілген бағдарламаға сәйкес берілген барлық тапсырмалар орындалды. Ғылыми тағылымдаманың жетекшілерімен, Славистика Институтының басшылығымен кездесулер жүзеге асырылды.
Мұның сыртында, Әлібек Нұрмағамбетұлы Славистика Институтының кітапханаларында тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен маңызды жұмыстар жүргізді.
Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша Archiwum Akt Nowych, "KARTA орталығы" архив қорында (Варшава) архивтік құжаттармен жұмыс істеді.
Әлібек Табулденов 21 мамырда "Солтүстік Қазақстан өңіріне польшалық арнайы жер аударылғандар: саны, тарату, тұрғындар құрылымы, жұмыспен қамтылуы, білім деңгейі" тақырыбына онлайн -форматта халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Польша ғылым академиясының, Варшава университетінің және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары қатысты.
Ғылыми тағылымдама шеңберінде Польшаның белгілі ғалымдарымен-- Польша ғылым академиясының, Варшава университеті Шығыстану факультетінің, Белосток мемлекеттік университетінің тарихшы, этнолог, мәдениеттанушы, әдебиетші және әлеуметтанушы ғалымдарымен, Ю.Центр, Мерошевский, Пилецкий институтының, Сібір жады музейінің ғылыми қызметкерлерімен кездесулер, консультациялар өткізілді.
Кездесулер нәтижесі бойынша оқу және ғылыми әріптестік перспективалары анықталды.
-Тағылымдама барысында алған білім, дағдылану, кәсіби құдіреттім білім және ғылыми қызметте, ұлтаралық және дінаралық сұхбаттасулар мен келісімдерде қолданылатын болады" дейді ғалым.