Мақсат 12: Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету
Тапсырмалар:
Барлық елдердің қатысуымен Тұтыну мен өндірудің оңтайлы үлгілерін пайдалануға көшу бойынша іс-қимылдардың Он жылдық стратегияны жүзеге асыру, ең алдымен дамушы елдердің дамуы мен әлеуетін ескере отырып, оған дамыған елдер алғашқы болып кірісуі тиіс.
2030 жылға қарай табиғи ресурстарды оңтайлы игеру мен тиімді пайдалануға қол жеткізу.
2030 жылға қарай жеке және тұтынушылық деңгейлердегі тағам қалдықтарының бүкіләлемдік мөлшерін халықтың жан басына қайта есептегенде екі есеге қысқарту және өндіру-өткізу тізбектеріндегі азық-түлік шығындарын, соның ішінде түсімді жинаудан кейінгі шығындарды азайту.
2020 жылға қарай халықаралық келісілген қағидаттарға сәйкес химиялық заттар мен барлық қалдықтарды олардың тіршілік кезеңінің барысында экологиялық оңтайлы пайдалануға қол жеткізу және олардың адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға деген жағымсыз әсерін мейлінше қысқарту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін барынша қысқарту.
2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қолдану арқылы қалдықтар көлемін едәуір қысқарту.
Компанияларға, әсіресе ірі әрі трансұлттық компанияларға өндірістің орнықты әдістерін қолдануды және өз есептерінде ресурстарды оңтайлы пайдалану туралы ақпаратты көрсетуді ұсыну.
Ұлттық стратегиялар мен басымдылықтарға сәйкес мемлекеттік сатып алулардың тұрақты тәжірибесін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Жұмыс орындарының құрылуына, жергілікті мәдениеттің дамуына және жергілікті өнімдердің өндірісіне ықпал ететін орнықты туризммен тұрақты дамуға деген әсерді мониторингілеу құралдарын әзірлеу және енгізу.
Ұлттық талаптарды ескере отырып, нарықтық теңсіздіктерді жою арқылы, соның ішінде салық салуды қайта ұйымдастыру және зиянды субсидиялар қолданылатын жерден олардың экологиялық салдарын есепке алу үшін олардан біртіндеп бас тарту арқылы, халықтың мұқтаж және осал топтарының мүдделерін қорғайтындай, дамушы елдердің айрықша қажеттіліктері мен жағдайларын толығымен назарға ала отырып және олардың дамуы үшін ықтимал жағымсыз нәтижелерді мейлінше қысқарта отырып, қазба отынды пайдаланудың тиімсіз ерекшеленетін, субсидиялануымен қазбалы отынды ысырапсыз тұтынылуына алып келетін, отынды пайдалану субсидиясын оңтайландыру.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің делегациясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми-технологиялық сессиясына қатысуда.
Сессия тақырыбы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кәсіпорындары мен өңірлерінің ғылыми-технологиялық...
Жақында Baitursynuly University биология, экология және химия кафедрасы - Қостанай қаласының №7 мектебінің оқушыларын қабылдады. Олар үшін ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары университеттің...
Baitursynuly University біздің университет пен қытайлық ғалымдардың бірлесіп жүргізіп жатқан ғылыми экспериментінің алғашқы нәтижелері қорытындыланды.
Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің профессоры (NWAFU (ҚХР)...
Baitursynuly University тағы да шетелдік қонақтарды қарсы алды. Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің профессоры Вейсин Шан ҚӨУ студенттері, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды.
Қытай университеті және ...