Мақсат 5: Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

Тапсырмалар:

  • Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жаппай жою.
  • Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты қоғамдық және жеке салаларда, атап айтқанда адам саудасы мен сексуалды және басқа да пайдаланудың барлық нысандарында жою.
  • Балалық, ерте және мәжбүрлі некелесу және аналық жыныс мүшелеріне жарымжан ететін оталар жасау секілді барлық зақым келтіретін тәжірибе түрлерін жою.
  • Коммуналдық қызметтерді, инфрақұрылымды және әлеуметтік қорғау жүйелерін ұсынумен және ұлттық жағдайларды ескере отырып, шаруашылықты жүгізудегі және отбасындағы жалпы жауапкершілік қағидасын мадақтаумен үй шаруасын жүргізу және күту бойынша төленбейтін еңбекті мойындау әрі бағалау.
  • Әйелдердің жан жақты және шынайы қатысуын және олар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдегі шешім қабылдаудың барлық деңгейіндегі көшбасшылық үшін бірдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету.
  • Сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау саласында және Халықаралық конференцияның Тұрғын халық пен даму бойынша іс-әрекеттер бағдарламасына, Әрекеттердің Пекиндік платформасына және оларды орындау барысын қарастыру бойынша конференцияның қорытынды құжаттарына сәйкес өрбіту құқықтарын іске асыруға жалпыға ортақ қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • Әйелдерге экономикалық ресурстарға тең құқықтарды, сондай-ақ жерді және басқа да меншік түрлерін иеленуге және басқаруға, қаржылық қызметтерге, мұраға қалдырылған мүлікке және ұлттық заңдарға сәйкес табиғи ресурстарға деген қолжетімділікті ұсыну мақсатында реформалар жасау.
  • Тиімділігі жоғары технологияларды, негізінен ақпараттық-коммункациялық технологияларды әйелдердің құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін белсендірек пайдалану.
  • Гендерлік теңдікті мадақтау және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін бүкіл деңгейлерде кеңейту мақсатында парасатты стратегиялар мен міндетті түрде сақталуы тиіс заңдарды қабылдау және жетілдіру.

Жаңалықтар

Психолог-практиканттардың БІРЕГЕЙ жобасы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы университет студенттері үшін практика базасына айналды. Практиканттар – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің...

ҚӨУ төріне КӨКТЕМ аяқ басты!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты кеш көрермен қауымға нағыз көктемгі шуақ пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. ҚӨУ-дің аяулы аруларына арналған бұл жиында ең ізгі тілектер ақтарылып, сахна төрінен әсем ән мен...

Тарихтың КҮШІН дәлелдеді

ҚӨУ студенттері жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен I Республикалық «Алаш» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Олимпиада Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының...

ЖОО мен мемлекеттік органдар диалог алаңында

«Қазақстанның конституциялық жаңғыруы: іске асырудың құқықтық тетіктері және институционалдық өзгерістер» – бұл Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де өткен дөңгелек үстелдің тақырыбы. Диалог алаңы мемлекеттік органдардың...
Барлық жаңалықтар