Мақсат 8: Алға бағытталған, ауқымды және тұрақты экономикалық өсуге, барлығы үшін толық және өнімді жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа жәрдемдесу

Тапсырмалар:

  • Халықтың жан басына шаққандағы экономикалық өсімді ұлттық жағдайларға сәйкес және атап айтқанда, ең аз дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің өсімін жылына кем дегенде 7 пайыз деңгейінде қолдау.
  • Әртараптандыру, техникалық жетілдіру және инновациялық қызмет ету арқылы, соның ішінде жоғары қосылған құны бар секторларға және еңбекті көп қажетсінетін секторларға айрықша назар аудару арқылы экономикада өнімділіктің жоғарылауына қол жеткізу.
  • Өндірістік қызметке, лайықты жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа және инновациялық қызметке ықпал ететін дамуға бейімделген саясатты жүргізуге жәрдемдесу және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті ұсыну арқылы микро, шағын және орташа кәсіпорындардың ресми танылуы мен дамуын көтермелеу.
  • 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлерді,соның ішінде жастар мен мүгедектерді де толық және өнімді кәсіппен және лайықты жұмыспен және теңдей бағалы еңбек үшін бірдей жалақымен қамтамасыз ету.
  • 2020 жылға қарай жұмыс істемейтін, білім оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастардың үлесін едәуір қысқарту.
  • Мәжбүрлеп еңбек еткізуді, заманауи құлдықпен және адам саудасын тамырымен жою үшін шұғыл әрі тиімді шаралар қолдану және жалдау және балаларды әскерге пайдалануды қоса алғандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу мен жоюды қамтамасыз ету, ал 2025 жылға қарай балалар еңбегінің барлық нысандарын жою.
  • Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек-мигранттарын, әсіресе әйел-мигранттарды және тұрақты кәсібі жоқ адамдарды қосқандағы барлық еңбек етушілер үшін сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  • 2030 жылға қарай жұмыс орындарын құруға, жергілікті мәдениеттің дамуына және жергілікті өнімдерді шығаруға ықпалын тигізетін тұрақты туризмді көтермелеу стратегияларын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
  • Ұлттық қаржылық мекемелердің қабілеттілігін күшейту және барлығына бірдей банктік, сақтандыру және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті көтермелеу және кеңейту
  • «Саудаға көмек» бастамасының аясында көрсетілетін дамушы елдерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге қолдау көрсетуді, соның ішінде Сауда саласында ең аз дамыған елдерге техникалық көмек көрсету үшін Кеңейтілген кешенді негіздемелік бағдарлама бағыты бойынша қолдау көрсетуді ұлғайту.
  • 2020 жылға қарай жастарды жұмыспен қамту ғаламдық стратегиясын әзірлеу және қолданысқа енгізу және Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс орындары туралы Ғаламдық келісімді жүзеге асыру.

Жаңалықтар

Реформаға СТУДЕНТТІК көзқарас

ҚӨУ-де «Қазақстанның конституциялық жаңғыруы: мемлекеттік институттарды жүзеге асыру мен трансформациялаудың құқықтық құралдары»» атты дөңгелек үстел өтті. Талқылауға оқытушылар мен студенттер, магистранттар, сондай-ақ...

ЖОО мен мемлекеттік органдар диалог алаңында

«Қазақстанның конституциялық жаңғыруы: іске асырудың құқықтық тетіктері және институционалдық өзгерістер» – бұл Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де өткен дөңгелек үстелдің тақырыбы. Диалог алаңы мемлекеттік органдардың...

Өңірлік PR саласының майталмандарымен кездесу

Бүгін «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері кеше ғана осы аудиторияда білім алып, бүгінде өңірдегі ірі ұйымдардың ақпараттық саясатын айқындап отырған білікті мамандармен жүздесті. Болашақ әріптестеріне медиа...

Түлектерді жұмыспен қамту – №1 мәселе

ҚӨУ-нің ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің ветеринариялық медицина кафедрасында жұмыс берушілермен кездесу өтті. Әдістемелік инновациялар айлығы аясында оқытушылар, студенттер және жұмыс берушілер дөңгелек үстел форматында пікір...
Барлық жаңалықтар