Басты бет / Хабарландыру / 2026 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсы /
2026 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсы
Жарияланды:
3 Наурыз 2026
оқу 1 мин
20
Құрметті студенттер!
2026 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде оқу конкурсы жарияланады.
Конкурсқа бакалавриаттың 1–2 курс студенттері қатыса алады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Шетел тілін меңгеру деңгейі — B2 деңгейінен төмен емес (IELTS — 5.5 және одан жоғары, TOEFL — 46 және одан жоғары), жарамды сертификатпен расталуы тиіс.
Ағымдағы үлгерімнің орташа балы (GPA) — 4.0-ден кемінде 3.0.
Қажетті құжаттар тізімі:
Студенттің өтініші.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігінің көшірмесі.
Ағымдағы үлгерім транскрипті (орыс және ағылшын тілдерінде).
№ 072/у нысанындағы медициналық анықтама (шетелге шығу үшін).
Отбасы құрамы туралы анықтама (көпбалалы отбасы мәртебесін растау үшін, болған жағдайда).
Ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін, болған жағдайда).
Мүгедектікті растайтын құжат (болған жағдайда).
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 6 сәуірді қоса алғанда.
Құжаттар Интернационализация және академиялық ұтқырлық басқармасында қабылданады (Экономика және құқық факультеті, 110-кабинет), жұмыс уақыты: 09:00–18:00 (түскі үзіліс 13:00–14:00).
Мекенжайы: Бас ғимарат, Байтурсынов көшесі, 47.
Барлық сұрақтар бойынша Интернационализация және академиялық ұтқырлық басқармасына хабарласуға болады: Телефондар: 51-11-73, 51-11-80 WhatsApp: +7 778 626 41 32