Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2025"атағын беруге конкурс жариялады.
Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа жоғары оқу орнының штаттық оқытушысы болып табылатын, құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар және соңғы он жыл ішінде Конкурс жеңімпазы атанбаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурс жыл сайын екі кезеңде – ЖОО ішілік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.
Конкурстың бірінші ЖОО ішілік кезеңі -2025 жылғы 03 қарашадан 14 қарашаға дейін өткізіледі.