object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-22 01:10:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Аграрлық мамандық түлектерін тарту, кәсіпорындардағы кадр тапшылығы, оны шешу жолдары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел

Құрметті әріптестер, білім алушылар!

Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің Азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасымен бірлесіп, 2025 жылдың 30 мамырында «Аграрлық мамандық түлектерін тарту, кәсіпорындардағы кадр тапшылығы, оны шешу жолдары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Осыған байланысты Сізді аталған дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.

Қатысушыларды тіркеу: 10.30 сағ.

Басталуы: 11.00 сағат

Мекен жайы: КЕАҚ «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті», Қостанай қ., Абая даңғылы 28, 2 корпус, конференц-зал (ауд.. 309)

Іс-шараға республикалық, облыстық, аудандық бөлімшелердің өкілдері, аграрлық сектордағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мамандары, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және білім алушылар қатысады.

Мақсаты - аграрлық мамандықтардың түлектерін оқуға тарту және жұмыспен қамту мәселелері бойынша туындаған проблемалық сұрақтарды шешу үшін мемлекеттік деңгейде оңтайлы практикалық қадамдарды қабылдау.

Міндеттері:

  1. Серіктестік іскерлік қатынастарды дамыту;
  2. Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Модератор: И.М. Брель-Киселева, азық түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасы

Қатысуға ниет білдірушілердің барлығы шақырылады.

Қабылдау комиссиясы