Өткізу күні: 2026 жылғы 19 наурыз, 10:00
Өткізу орны: 1Б корпусы, аудитория 208
Оқытушы: заң ғылымдарының магистрі, экономика және құқық факультетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Талтанова Индира Курмановна
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі»
Кім үшін: «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, Юр-25-211-31 тобы
Баршаңызды шақырамыз!
Практикалық сабақ студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, мемлекеттік билік жүйесіндегі парламенттің рөлі туралы тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сабақ барысында білім алушылар құқықтық талдау дағдыларын дамыта алады, практикалық жағдайларды қарау кезінде конституциялық құқық нормаларын қолдануды үйренеді, сондай-ақ заңнамалық процесс пен мемлекеттің жоғары өкілді органының жұмыс істеу тетіктерін жақсы түсінеді.