Құрметті Алтыбаева Ақжан Бақытжанқызы!
Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталуыңызбен Филология және практикалық лингвистика кафедрасы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат – Сіздің ел дамуына, қоғамдық сананы жаңғыртуға және Конституцияны кеңінен насихаттауға қосқан елеулі еңбегіңіздің лайықты бағасы. Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз бен жауапкершілігіңіз көпшілікке үлгі болып, қоғамдағы маңызды бастамалардың жүзеге асуына серпін беруде.
Сіздің табандылығыңыз бен кәсібилігіңіз білім мен тәрбие саласындағы жұмыстарыңызда айқын көрініс тауып келеді. Осындай жетістіктеріңіз кафедра ұжымының мерейін өсіріп, ортақ абыройымызды асқақтата түсуде.
Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз! Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат және барлық бастамаларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілейміз!
Құрметпен,
Филология және практикалық лингвистика кафедрасы.

