Құрметті Алмас Ахметұлы!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Филология және практикалық лингвистика кафедрасының ұжымы Сізді 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толайым табыс тілейміз. Ұстаздық жолыңыз әрдайым жемісті болып, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіз. Ғылым мен білім жолындағы еңбегіңіз еселеніп, мерейіңіз әрдайым үстем болсын!
Мерейтойыңыз құтты болсын!


