2025 жылғы 6 желтоқсанда Филология және практикалық лингвистика кафедрасының докторанты Мұратқызы Мира Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде
6D020500- Филология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Отбасы ғұрып фольклорының ұлттық код ретінде этнолингвистикалық сипаты» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.
Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Абсадық Алмасбек Ахметұлы .
Кафедра ұжымы Мира Мұратқызын осы маңызды ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Ғылымдағы жолыңыз жемісті болып, ұлттық құндылықтар мен тіл біліміне қосар үлесіңіз еселей берсін.
Шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа биіктер тілейміз!
Ізгі тілекпен – Филология және практикалық лингвистика кафедрасының ұжымы.

