Агрономия кафедрасының кеңейтілген отырысында 6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Нұрбол Амантайұлы Еріштің «Солтүстік Қазақстан жағдайында нақты егіншілік элементтерін қолданумен жаздық бидай өсіруді биологизациялаудың технологиялық тәсілдері» тақырыбындағы докторлық диссертация алдын ала қорғалады.
Диссертациялық жұмысты алдын ала қорғау 2026 жылғы 23 маусымында сағат 11.00-де Қостанай қаласы, Абай даңғылы 28, 2 ғимарат, 103 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.