Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің кәсіподақ ұйымы «Ата-ананың мамандығы менің көзіммен» атты балалар сурет байқауын өткізуде. Байқауға университет қызметкерлерінің – кәсіподақ мүшелерінің 5 жастан 13 жасқа дейінгі балалары шақырылады.
Байқаудың мақсаты: қызметкерлердің балаларының назарын ата-анасының мамандығына аудару, сонымен қатар баланың осы бағытта дамуына ықпал ету мақсатында оның көркемдік мүмкіндіктерін ашу.
Қатысушылар сканерленген жұмыстарын кәсіподақ ұйымының электрондық поштасына жібереді: hasenov2908@mail.ru
Байқау 2025 жылдың 19 мамыры мен 25 мамыры аралығында өтеді.
Қатысушылар мен жүлдегерлер Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар кешінде марапатталады.
Байланыс телефоны: 87473081176 Диана Болатовна