Skip to content

Студенттердің назарына! 2022 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға арналған конкурс жарияланды

Конкурсқа қатысуға бакалавриаттың 2 және 3 курс студенттері шақырылады.

Біздің университетке арналған орын саны – 9.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. шет тілін меңгеру деңгейі В2 төмен емес.
  2. ағымдағы үлгерім транскриптінің GPA орташа балы 2,67 төмен емес.

Шетел тілін меңгеру деңгейін растау үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ аккредиттелген орталығында TOEFL емтиханына тіркелу және тапсыру туралы ақпаратты университет сайтында келесі сілтемесі бойынша толық білуге болады https://ksu.edu.kz/cooperation/toefl/

Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкер келесі құжаттарды ПИ ғимараты, 102 кабинетке тапсырады, сағат 9.00-18.00, түскі үзіліс 13.00-14.00.

  1. білім алушының өтініші;
  2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
  3. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ мөрімен расталған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
  4. шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат;
  5. № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығу үшін);
  6. студенттің көп балалы отбасын растайтын отбасының құрамы туралы құжат;
  7. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын (бар болған жағдайда) студенттер санаты үшін);
  8. студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Академиялық ұтқырлық аясындағы оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі – 29.04.2022 дейін. Барлық сұрақтар бойынша ХЫжШСРБ хабарласуға болады, тел. 530188, +77751429921, ksu-international-office@yandex.ru

Қабылдау комиссиясы